ӘЙЕЛГЕ САБЫР ЕТУДІҢ КӨРКЕМ ҮЛГІСІ! ⠀ ⠀ Ертеректе Әбу Мұхаммед бин Әби Зайд атты терең білімді ғұлама кісінің әйелі кесір мінезді, шатақтау кісі болған деседі. Ол күйеуінің алдындағы хақыларын толық орындай алмай, оны сөгетін, тілі ащы әйелдердің бірі еді. ⠀ Әйелінің кейбір қылығын көріп қамыққан тұрғындар ғалым кісінің мұндай әйелге қалай сабыр етіп, шыдап жүргеніне таң қалысатын және одан: ⠀ - Неге онымен ажырасып кетпейсің? – деп жиі сұрайтын. Сонда ол: ⠀ - Жаратушы Алла маған рахымдылық танытып, терең білім мен мықты денсаулық берді. Ал әйелімді, бәлкім, күнәларымның жазасы ретінде нәсіп еткен болар. Егер осыған шүкір ете алмай, онымен ажырассам, Алла одан да жаман сынақ бере ме деп қорқамын, - деген екен. ⠀ (Құртуби. Ниса» сүресі. 19-аяттың тәпсірі. «Әл-Жамиу ли әхкамил Қъұрани» еңбегі) ⠀ ⠀ ⠀ 🍃Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүмін еркек мүмін әйелді жек көрмеуі керек, өйткені оның мінезінің бір көрінісіне қапа болса, онда басқа бір көрінісіне риза болады», - деген. (Муслим, 4/1

Теги других блогов: әйел сабыр құртуби